Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі №859 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидалары ауқымында "Резерв" РМК кәсіпорынның қоймаларында сақталатын материалдық құндылықтарды кәдеге жарату, жою бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүргізеді.

Осыған байланысты, қызметі Қағидаларда көрсетілген бағыттармен байланысты барлық мүдделі әлеуетті өнім берушілер жарамдылық мерзімі өткен мынадай материалдық құндылықтарды кәдеге жарату (қайта өңдеу) және жою бойынша өз ұсыныстарын жібереді:

1. Ет консервілері;

2. Сүт консервілері;

3. Күріш жармасы;

4. Шай;

5. Тұз;

6. Қарақұмық жармасы;

7. Макарон өнімдері;

8. Кептірілген көкөністер;

9. Бидай ұны;

10. Қант;

11. Кептірілген наны.

 

Барлық сұрақтар бойынша технологиялық қамтамасыз ету бөліміне +7 (7172) 37-41-86, ішкі телефон нөмірі бойынша хабарласа аласыз. 152, 158, 153.

Өз ұсыныстарыңызды мына электронды мекенжайға: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., сондай-ақ Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.. жолдаңыздар

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі