Астана күніне арналған волейболдан турнир

   Астана күні қарсаңында мемлекеттік материалдық резерв жүйесі қызметкерлерінің қатысуымен Кәсіпорын қабырғасында волейболдан спорттық жарыс өтті.

   Турнирде бес команда ойнады:  "Резерв" РМК қызметкерлерінің үш командасы, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің командасы, сондай-ақ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің командасы қатысты.

    Жарысты Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төраға орынбасары  Иманбаев Нұрлан Мейрамұлы мен "Резерв" РМК бас директоры Бишімов Қуаныш Ердәулетұлы құттықтау сөзімен ашты.

   \Матчтар өте қызықты және тартысты өтіп, нәтижесінде "Резерв"     РМК-ның «РГП-1» командасы жеңісімен аяқталды, екінші орынды Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің командасы, үшінші орынды «Резерв» РМК-ның «РГП-3» командасы иеленді. Жеңімпаздар кубокпен және грамотамен марапатталды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі