МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВКЕ 90 ЖЫЛ

    КСРО Мемлекеттік материалдық резервінің жүйесін құрылған күні 1931 жылғы 17 қазан деп саналады. Бұл күні Халық Комиссарлар Кеңесінің Қаулысымен Еңбек және Қорғаныс Кеңесі жанындағы Резервтер комитеті құрылды. Бұл жүйеге Қазақстан да автономиялық республика ретінде кірді.

    Резервтер комитетінің құрылысымен әртүрлі мекемелерде, кәсіпорындар мен ұйымдарда болған барлық жұмылдыру қорлары оның қарамағына берілді. Одан әрі Резервтер комитетінің қатысуымен Мемлекеттік материалдық резерв туралы ереже әзірленді, ұзақ сақтауға жататын Материалдық құндылықтардың номенклатурасы мен саны және оларды орналастыру орындары негізделді.

    Кейіннен Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитет елдің мемлекеттік және жұмылдыру резервтерін басқаруды жақсарту үшін бірнеше рет түрлі министрліктерге берілді.

  «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып 1998 жылғы 15 қазанда құрылды. «Резерв» РМК маңызды мемлекеттік міндеттерді орындайды, қойылған міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының облыстарында 10 филиалы бар, Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекеттік материалдық резервті сақтау болып табылады.

  2021 жылғы 19 қазанда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің «Құтқарушылар күні» кәсіби мерекесі атап өтіледі. Биыл құтқарушылардың құрметіне «Резерв» РМК әкімшілік ғимаратының жанында қала күні қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Нұр-сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен «Құтқарушылар саябағы» ашылды. «Құтқарушылар саябағы» өрт сөндірушілердің, құтқарушылардың және қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің құрметіне салынды. Сонымен бірге аумақта 1964 жылы шыққан АЦ-30 МАЗ 205 раритетті арнайы өрт сөндіру машинасы қойылған.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі