2021 жылғы 18 қазанда Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің құрылғанына 90 жыл толуына орай

    2021 жылғы 18 қазанда Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің құрылғанына 90 жыл толуына орай Төтенше жағдайлар министрі Ю.В. Ильиннің, Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пішембаевтың, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы С.Қ. Сабырбаеваның, «Резерв» РМК бас директоры Қ.Е. Бишімовтің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиналысқа ҚР ТЖМ ММРК және «Резерв» РМК қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
 
    ҚР ТЖ министрі В.Ю. Ильин мемлекеттік материалдық резервтің барлық қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, сарқылмас қуат, еліміздің игілігі үшін жаңа кәсіби жетістіктер мен жемісті еңбек тіледі және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жұмыс істейтінімізді әрқашан есте сақтауды айтты.
 
    Ардагерлер мен қызметкерлерге «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальдары, «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, ҚР ТЖ министрінің грамоталары, алғыс хаттары табысталды.
    
    Жиынға қатысушыларға мерекелік концерт көрсетіліп, естелік фотосуретке түсіру ұйымдастырылды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі