Тұңғыш Президент күніне орай құттықтау

«Резерв» ШЖҚ РМК Бас директоры Қуаныш Ердаулетұлы Бишимов ұжым қызметкерлерін 2021 жылғы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен салтанатты түрде құттықтады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – жас, күшті, қуатты, әлеуеті зор мемлекет – Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуының жаңа кезеңін ашатын мереке.

Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын абыроймен, қадір-қасиетпен жүзеге асырады және өзінің қызметтік борышын үлгілі орындайтын болады.

Қызметтік міндеттерін ойдағыдай атқарғаны, жұмысында жоғары жетістікке жеткені, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Резерв» ШЖҚ РМК орталық аппараты қауіпсіздік бөлімінің бастығы Б.Ж. Бозжігітов, «Стрела» филиалының қызметкері Н.П. Кондратенко, «Высота» филиалының қызметкері Б.А. Ақтаева Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Бас директор барлығына зор денсаулық, бақыт, амандық және еліміздің игілігі үшін одан әрі жемісті қызмет жасауын тіледі.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі