2021 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі күнінің 30 жылдығы қарсаңында ҚР ТЖМ ММРК «Резерв» РМК филиалының техникалық паркі жаңаланды.
Өндірістік-шаруашылық қажеттіліктерді қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервтің тауарлық-материалдық құндылықтарын қабылдау, олардың сақталуы мен шығарылуын қамтамасыз ету бойынша міндеттерді сапалы және уақтылы орындау үшін жағдай жасау мақсатында қазіргі заманғы аспалы жабдығы бар дөңгелекті тракторлар, ыңғайлы автобустар және маневрлі тепловоз сатып алынды.
Жаңа техниканы алғашқылардың бірі болып Қарағанды облысы Абай ауданында орналасқан «Высота» филиалы сынап көрді.
Салтанатты іс-шара барысында «Резерв» РМК Бас директоры Қуаныш Бишимов филиал жұмыскерлеріне қазіргі заманғы үш машинаның кілтін салтанатты түрде табыстады және филиал ұжымын Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, филиалда аса ерекшеленген қызметкерлерге ҚР Президентінің мемлекеттік марапатын және Төтенше жағдайлар министрінің, сондай-ақ Кәсіпорын басшылығының құрмет грамоталарын табыстады.
Филиалдағы марапатталған қызметкерлер арасында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін мемлекеттік материалдық резервтер жүйесінде 23 жыл еңбек сіңірген өртке қарсы мемлекеттік емес қызмет бөлімінің командирі Алексей Мукушев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық меделімен марапатталды.
«Высота» филиалы «Резерв» РМК құрылымындағы ең кейінгі салынған және қарқынды дамып жатқан филиалдардың бірі екенін атап өткен жөн. Филиал құрылғаннан бастап (1977 жыл) азық-түлік өнеркәсіптік топ тауарларының стратегиялық запастарын сақтау бойынша міндеттерді сапалы орындап жатыр, жаңадан алынған техника алдыға қойылған міндеттерді одан әрі орындауға жақсы септігін тигізетін болады.
Облыс орталығынан қашықта орналасуына және қоғамдық көліктің болмауына байланысты Абай ауданының әртүрлі ауылдарында тұратын ауысыммен еңбек ететін жұмыскерлер ыңғайлы шағын автобуспен жеткізілетін болды.
ТГМ 40 маневрлі тепловозы мен қазіргі заманғы МТЗ 920 тракторлар өнеркәсіптік қызметті, мәселен, теміржол жолдарындағы жұмыс, аумақты күтіп ұстау және жинау, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз етуге тікелей арналған.
Жаңалану, сондай-ақ, филиалдың негізгі қорларына да қатысты болды. Атап айтқанда, ағымдағы жылы қойма шатырының 17 мың шаршы метріне күрделі жөндеу жүргізілді.
Сонымен қатар «Резерв» РМК-ның басқа да филиалдарында қойма үй-жайларын, инженерлік жүйелерін, ғимараттар мен құрылғыларды жөндеу жөніндегі жобалар іске асырылып жатыр. Күрделі жөндеу, жаңа базалар мен қоймалар салу жөніндегі жобалардың жалпы құны 17,4 млрд. теңгені құрайды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қолдауымен «Резерв» РМК филиалдарын одан әрі жабдықтау және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Техникалық жабдықтауды жақсарту жалғастырылатын болады.
- Опубликовано: 15 Декабрь 2021
- Обновлено: 15 Декабрь 2021
- Создано: 15 Декабрь 2021
- Просмотров: 576