2022 жылғы 18 ақпанда «Резерв» РМК ғимаратында Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері мен «Резерв» РМК орталық аппаратының жұмыскерлері үшін Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізуді түсіндіру бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға «Резерв» РМК-ның он филиалының жұмыскерлері де бейне-конференц байланыс режимінде қатысты. Жалпы 600-ден астам адам қамтылды.
Бұл кездесу Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Иманбаев пен «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары Жанат Сәлімбаевтың басшылық етуімен ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Монолбаев жүргізді.
Тұжырымдама түсіндірілгеннен кейін «Резерв» РМК жұмыскерлері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Өз кезегінде Комитет төрағасының орынбасары Н. Иманбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс бойынша міндеттерді шешудің тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар туралы хабардар етті және «Резерв» РМК-да қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады, атап айтқанда кәсіпорын жұмыскерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жауапты комплаенс-офицер лауазымының енгізілгенін және осы жылдың басынан бастап жұмыскерлердің жалақысы көтерілгені маңызды фактор болып табылатынын, бұл сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жоюға және жұмыс сапасын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.
Қорытындылай келе, ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі өкіл Қ. Монолбаевқа аталған іс-шараны өткізгені үшін алғыс айтты.
- Опубликовано: 18 Февраль 2022
- Обновлено: 18 Февраль 2022
- Создано: 18 Февраль 2022
- Просмотров: 478