«Резерв» РМК-да кәсіподақ құрылды

   2021 жылғы желтоқсанда «Резерв» РМК жұмыскерлері жалпы жиналыста кәсіпорында Бастапқы кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылдады. Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары мен міндеттері Мемлекеттік басқару органдарында, соттарда, мемлекеттік емес ұйымдарда кәсіподақ мүшелерінің еңбек қатынастары, еңбек жағдайлары мен еңбекақы төлеу, денсаулықты сақтау және әлеуметтік кепілдіктерді сақтау мәселелері бойынша әлеуметтік-экономикалық мүдделері мен заңды құқықтарын ұсыну және қорғау болып табылады.

   2022 жылғы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде «Резерв» РМК жұмыскерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі тіркелді.

   Кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымына көпшілік дауыспен Экономика және қаржы басқармасының бас маманы А.С. Шахметова, кәсіподақ комитетінің мүшесі болып Әкімшілік басқармасының бас маманы А.Ы. Долдина сайланды.

   Сондай-ақ, 2022 жылғы 5 қаңтарда «Резерв» РМК мен оның еңбек ұжымы арасында ұжымдық шарт жасалғанын атап өту қажет. «Резерв» РМК ұжымдық шартында жұмыскерлердің жалақысын жыл сайынғы индекстеуге қатысты АЕК-тің өсу деңгейінен кем емес тармақтар, некені тіркеу, баланың тууы, жақын туыстарының қайтыс болуы кезінде жалақыны күнтізбелік үш күнге дейін сақтай отырып, демалыс беру және «Резерв» РМК жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын жақсартатын басқа да тармақтар көрсетілген.

   Қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымына кірген қызметкерлердің саны 576 адамды құрайды. Мүшеліктің артықшылығы кәсіподақ тарапынан мемлекеттік билік органдарында, жұмыс берушілер алдында, сот және басқа да органдарда еңбек, кәсіби, әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен мүдделерді қорғау, кәсіподақ қаражатынан материалдық, қайырымдылық көмек алу мүмкіндігі және т. б. болып табылады.

   Кәсіподаққа мүше болу ерікті түрде жүргізіледі. Кәсіподақ мүшелігіне қабылдау және одан шығу кәсіподақ ұйымына жазбаша түрде берілген жеке өтініші бойынша жеке тәртіппен жүргізіледі.

   Орталық аппаратпен тиімді жұмыс істеу және өзара іс-қимыл жасау үшін «Резерв» РМК филиалдарында кәсіподақ мүшелері сайланды, олардың негізгі функциялары кәсіподақ мүшелері арасында түсіндіру жұмысын жүргізу, мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуды ұйымдастыру болып табылады. 

   Тұтастай алғанда, кәсіподақ ұйымын құру кәсіпорынның жалпы дамуына және «Резерв» РМК жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын одан әрі жетілдіруге оң әсер етеді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі