«Резерв» РМК Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі талап-арыз жұмысы болып табылады. Тұтастай алғанда, талап қою жұмысы – бұл ұйымда талап қою, шағымдарды реттеу немесе ұсыну бойынша, соның ішінде осы іс-әрекеттер нәтижесінде алынған ақпаратты талдау және қолдану бойынша жүргізілетін шаралар кешені.
2020 жылы «Резерв» РМК 38 азаматтық іс қаралды. Оның ішінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне 8 жеткізуші енгізіліп, олардан 5 миллион теңгеден астам қаражат өндірілді.
Сонымен қатар, «Резерв» РМК 2021 жылы 28 азаматтық іске қатысты, оның ішінде 15 жеткізуші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілді. Жыл қорытындысы бойынша «Резерв» РМК 15 миллионнан астам теңге өндіріп алды.
Сондай-ақ, осы бағытта контрагенттермен берешекті өндіріп алу бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
- Опубликовано: 28 Февраль 2022
- Обновлено: 28 Февраль 2022
- Создано: 28 Февраль 2022
- Просмотров: 468