8 наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті

   2022 жылғы 4 наурызда «Резерв» РМК ұжымының ер азаматтары әйелдерді гүл шоқтарымен және сыйлықтармен қарсы алды. Осы тамаша күні «Резерв» РМК-да карантиндік шараларды сақтай отырып, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

   Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пішембаев Мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің қызметкерлерін құттықтап, оларға ведомстволық наградаларды табыстады.

   Сондай-ақ, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Н.М. Иманбаев та әйелдер адамдарға жылы лебіз білдіріп, құттықтаулар айтты.

   «Резерв» РМК Бас директоры Қ.Е. Бишімов әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, оларға «Резерв» РМК Алғыс хаттарын табыстады.

   Салтанатты іс-шараны шақырылған әртістер мен «Резерв» РМК қызметкерлері концерттік нөмір көрсетіп жалғастырды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі