«Целина» филиалының директоры Болат Оңайбаевтың басшылығымен 2022 жылғы 10 наурызда филиал жұмыскерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша жиналыс ұйымдастырылды. Жиында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалының басшысы Әсет Байлин баяндама жасады.
Өз сөзінде ол «Әділдік жолы» РБҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды, Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын, оған енгізілген өзгерістер мен оны іске асыру жоспарын түсіндірді.
Жиналыс қорытындысы бойынша «Целина» филиалының ұжымы баяндамашыға өздерін қызықтырған сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Филиал директоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер жөніндегі өкіл А.Байлинге атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
- Опубликовано: 10 Март 2022
- Обновлено: 10 Март 2022
- Создано: 10 Март 2022
- Просмотров: 430