«Резерв» РМК Наурыз мейрамын атап өтті

  Қазақстанда Көктем қысты ығыстырып, өз құқығына толықтай енеді!

  Наурыз тек көктемгі күн мен түннің теңесуін ғана емес, табиғаттың жаңаруын да білдіреді. Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты, достық пен махаббатты бейнелейді. Бұл күні адамдар әдемі киініп, бір-біріне ізгі тілектермен және ұлттық тағамдармен барады. Шығыс халықтары үшін Наурыз жаңа өмірдің жаршысы болып саналады!

  20 наурыз – «Резерв» РМК ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетімен бірлесіп осы ерекше және жарқын көктем мерекесінің басталуын атап өтті!

 Іс-шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды және елордада орналасқан азаматтық қорғау органдарының барлық бөлімшелері оған белсенді қатысты.

  Таңертеңнен бастап «Құтқарушы» ведомстволық спорт кешенінің аумағында ұлттық әуендер таратылып, мерекелік көңіл-күй сезілді.

  Министр Юрий Ильин, шақырылған ардагерлер мен құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйледі.

  «Резерв» РМК, әдеттегідей, киіз үйді орнатып, безендірді және онда дәстүрлі ұлттық тағамдар – наурыз көже, палау және бешбармақпен министрлік басшылығын, ардагерлерді және барлық тілек білдірушілерді қабылдады.

  «Резерв» РМК жұмыскерлері «Сырға салу» ұлттық салт-дәстүрін театрландырып көрсетті, халық әндері мен билерін орындаумен шағын концерт ұйымдастырды.

  «Резерв» РМК орталық аппаратымен филиалдарының жұмыскерлері сондай-ақ «Арқан тарту», «Қазақша күрес», «қой көтеру» спорт ойындарына қатысты.

  Спорттық ойындардың қорытындысы бойынша «Резерв» РМК «Қазақша күрестен» 3-ші орынды иеленді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі