Ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты «Резерв» РМК қызметіндегі маңызды мәселелердің бірі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Мәселен, 2022 жылғы 31 наурызда «Резерв» РМК орталық аппаратының жұмыскерлері Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік талаптарымен және Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу тәртібімен, онымен жұмыс істеу тәртібімен танысты.
Аталған іс-шара «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары Ж.С. Сәлімбаевтың басшылығымен өткізілді.
«Резерв» РМК Жедел басқару орталығының ақпараттық қауіпсіздікке жауапты бас маманы Жоломанов Дархан ҚР ақпараттық қауіпсіздік бойынша нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп, осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нәтижелері, Кәсіпорынның орталық аппараты мен филиалдарынан анықталған бұзушылықтар туралы айтып берді. Сонымен қатар, «Резерв» РМК жұмыскерлерінің алдында тұрған бірқатар проблемалық мәселелерді қозғап, тиісті ұсыныстар берді.
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қызметкерлерге тыйым салынған операциялардың түрлері және дербес компьютер мен машиналық ақпарат тасығыштарды пайдалану арқылы рұқсат етілетін түрлері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Сонымен қатар, қолжетімділігі шектеулі құжаттарды техникалық жағынан қалыптастыру және ресімдеу талаптарын қысқаша түсіндірді және қатысушыларды Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларының талаптарымен таныстыру үшін «Резерв» РМК Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы А.Қ. Уәлиевке сөз берді.
Ол өз кезегінде ақпаратты қорғау, қызметтік міндеттерін орындау кезінде мәліметтерді сақтау және өңдеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы талаптарды түсіндірді.
Түсіндіру жұмысының соңында қатысушылар сөз сөйлеушілерге сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша Ж.С. Сәлімбаев Қазақстан Республикасының жоғарыда көрсетілген талаптарын сақтау, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
- Опубликовано: 31 Март 2022
- Обновлено: 31 Март 2022
- Создано: 31 Март 2022
- Просмотров: 448