Тазалық – денсаулық кепілі!

Сенбілік – тазалық кепілі, ал тазалық – денсаулық кепілі. Осы ұранмен 2022 жылғы 29 сәуірде «Резерв» РМК қызметкерлері ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп Кәсіпорын аумағында сенбілік өткізді. Сенбілікке қатысушылар қоқыс, түскен жапырақтар мен шөптерді жинады. Тротуардың жиектерін ақтау, жасыл желектерді күту жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, «Резерв» РМК жұмыскерлері мен мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің қызметкерлері 16 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бақ аумағын жинау сенбілігіне қатысты.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі