Азаматтар өтініштерімен «Резерв» РМК-дағы жұмыс

  «Резерв» РМК-да жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі бақылауға ұдайы алынады. Жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының және 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  Өтініштердің басым көпшілігі ұсыныстар түрінде, азы өтініштер түрінде берілген.

  Кері байланыстың «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты іске асыруда және біздің Кәсіпорын қызметінде маңызы зор, сондықтан барлық келіп түсетін сұрақтар бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері, сондай-ақ заңдар мен қаулыларға сілтеме жасалған толық түсіндірмелер қамтылған тиісті жауап беріледі.

  Кәсіпорынға ағымдағы жылы заңды тұлғалардан жеті өтініш және жеке тұлғадан бір өтініш келіп түсті. Жеке тұлғадан түскен өтініш архив деректерін сұрату, ал заңды тұлғалардың өтініштері коммерциялық ұсыныстар мен қаржы-шаруашылық қызмет мәселелеріне қатысты ақпарат.

  Тиісінше өткен жылдың осындай кезеңінде 4 өтініш келіп түскен болатын.

  Өтініштер Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында көрсетілген байланыс деректері бойынша, сондай-ақ Азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес қабылданады.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі