«Резерв» РМК арулары ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

  Қазақстанда Отан қорғаушылар күні 7 мамырда атап өтіледі. Бұл күн 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Президентінің Ұлттық Қарулы Күштерді құру туралы Жарлыққа қол қоюымен байланысты. Бұл күні кезекті әскери атақтарды беру және көзге түскен әскери қызметшілерге наградаларды тапсыру дәстүрге айналды. Жыл сайын елімізде көптеген салтанатты және мерекелік іс-шаралар өтеді.

  Осылайша, 2022 ж. 6 мамырда Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК-ның «арулары» таңертеңнен «Резерв» РМК ғимаратының кіре берісінен ер азаматтарды құттықтап қарсы алды.

  «Ерлер мерекесіне» арналған салтанатты іс-шарада Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Салтанат Сабырбаева құттықтау сөз сөйлеп, Комитеттің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттады. Марапаттау бөлімін «Резерв» РМК Бас директоры Қуаныш Бишімов құттықтау сөзімен жалғастырып, «Резерв» РМК ардагерлері мен жұмыскерлерін наградтады.

  Марапаттау рәсімінен кейін патриоттық нөмірлері бар концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара соңында естелік суретке түсіру жүргізілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі