«Автоматика» филиалындағы оқу дабылы

  «Резерв» РМК «Автоматика» филиалы Нұр-Сұлтан қаласында 2022 жылғы 5 мамырда «Теміржол төгу-құю эстакадасындағы өрт» тақырыбында өнеркәсіптік қауіпсіздік аварияларын жою жоспары бойынша жоспарлы оқу дабылын, аварияға қарсы жаттығуды өткізді. Оған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті басшысының орынбасары М.М. Мұсаипов және бас маманы Б.Ж. Аскеев шақырылды.

  Оқу дабылын өткізуге жауапты болып Жұмылдыру дайындығы, АҚ және ТЖ жөніндегі бас маман-ҚТ жөніндегі инженер Гүлсім Хабдуллақызы Қуанышева тағайындалды.

  Технологиялық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері теміржол эстакадасында өрт бар екенін басшылыққа хабарлады. Филиалдың барлық ұжымы аумақты тастап қауіпсіз жерге кетті. МЕӨҚҚ қызметкерлері өрт орнына шығып, өртті сөндірді.

  Аварияға қарсы жаттығудың оқу дабылын өткізу қорытындысы бойынша тиісті АКТ жасалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері «Резерв» РМК «Автоматика» филиалының барлық қызметкерлеріне жүргізілген жұмысы, үйлесімділігі және кәсібилігі үшін алғыс білдірді.

Г.Х. Қуанышева

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі