2022 жылғы 13 мамырда «Балқаш» филиалында азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Аталған дабыл бойынша филиалдың барлық жеке құрамы жиналатын орында нормативтік уақытта жиналды.
Оқу жаттығу өткізу кезінде қызметкерлерді хабардар ету және жинау үшін электр дыбыстық сиренасы іске қосылды. Осыдан кейін барлық қатысушыларға қалыптастыру құрылымы мен олардың құрамы өзгертулермен жарияланды.
Сонымен қатар ҚТҚ (қоғамдық тәртіпті қорғау) командасы, атап айтқанда ҚР ІІМ МКҚБ кезекші ауысымы тартылды. АҚ және ТЖ кезіндегі іс-әрекеттер, яғни жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, ТЖ туындаған жағдайда әрбір құрылымның іс-әрекеттері практикалық түрде көрсетілген. Оқу-жаттығуды өткізу кезінде кіріспе міндеттерді пысықтау кезінде шартты өрттің тұтануымен ТЖ туралы дабыл жарияланды. ТЖ орнына мыналар:
- өртке қарсы қызмет кезекші қарауылы;
- авариялық-құтқару бөлімі;
- санитарлық топ шықты.
А.Қ. Рахимбердин
- Опубликовано: 19 Май 2022
- Обновлено: 19 Май 2022
- Создано: 19 Май 2022
- Просмотров: 433