4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

  Патриотизмді нығайтудың маңызды факторларының бірі мемлекеттік рәміздердің киелілігін асқақтату болып табылады. Еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасы, Гимні және Туы қоғамдық санада аса жоғары азаматтық құндылықтар мен орасан зор идеологиялық әлеуетке ие патетикалық мағыналарды бойына сіңіретіні баршаға мәлім.

  Осыдан тура 30 жыл бұрын республикада алғаш рет тәуелсіз мемлекеттің жаңа ресми нышаны бекітілді. Еліміздің басты рәміздері халқымыздың бірлігін, татулығын, достығын, еркіндігін, күш-жігерін және әрбір қазақстандық үшін ынтымақтастық бейнелейді.

  2022 жылғы 3 маусымда «Резерв» РМК ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді. Оған «Резерв» РМК жұмыскерлері, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің қызметкерлері қатысты.

  Салтанатты жиын ашылғаннан кейін барлық қатысушылар ҚР Мемлекеттік Гимнін орындады, ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңыздылығы туралы бейнеролик көрді.

  «Резерв» РМК ғимаратына кіре-берістегі Мемлекеттік рәміздер ҚР талаптары мен мемлекеттік стандарттарына сәйкес дайындалғанын «Резерв» РМК Кадр жұмысы басқармасының бастығы Ж.Қ. Сакаева атап өтті.

  Өткізілген іс-шара жиынға қатысушылардың патриоттық сезіміне оң әсерін тигізді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі