ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысында Консультативтік кеңестің қызметі қаралды

  ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы С.К. Сабырбаева 2022 жылғы 10 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің төрағасы Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысына қатысты. Іс-шарада көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері қаралды.

  Осы отырыста ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдары басшыларының консультативтік кеңесінің төрағасы, Беларусь Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің материалдық резервтер департаментінің бастығы Евгений Бондарь 2017-2021 жылдары ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік билік органдары басшыларының консультативтік кеңесінің қызметі туралы ақпарат ұсынды.

  Консультативтік кеңестің маңызды міндеті табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қазіргі жаһандық сын-қатерлерге жауап ретінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігін нығайту мақсатында мемлекеттік материалдық резервтер органдарының өзара іс-қимылын жүзеге асыру болып табылады.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі