«Стрела» филиалының персоналымен радиациялық қауіп кезіндегі іс-қимыл жаттығуы өткізілді

  2022 жылғы 10 маусымда «Стрела» филиалының аумағында Қаратал ауданының ТЖБ-мен бірлесіп авариялық жағдайларды жою және радиациялық қауіптілік қатері кезінде «Резерв» РМК филиалы персоналының іс-қимылын пысықтау бойынша жаттығу өткізілді.

  Барлық техникалық параметрлер бойынша өз мақсатына сәйкес келетін өрт сөндіру бөлімінің, автокөлік цехының және кезекші қызметтің техникалық жай-күйі алдын ала тексерілді.

  Жаттығу барысында филиал персоналымен «Азаматтық қорғаныс сигналдарын жариялау кезінде филиал персоналы мен құралымдарының іс-әрекеттері» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізілді.

  Филиалдың барлық қызметкерлері негізгі және авариялық шығу жолдары арқылы эвакуациялық бағыттар бойынша объект ғимаратынан дер кезінде, ұйымдасқан түрде және дүрбелеңсіз кеткен болатын.

  Сондай-ақ, Алматы облысы ТЖД Қаратал ауданы ТЖБ қызметкерлері мен «Стрела» филиалының жұмыскерлері азаматтық қорғау және АҚ құрылымдарының жарылыс кезіндегі іс-әрекеттері, радиациялық қауіптілік және аумақтағы өрт қауіпсіздігі ережелері, судағы қауіпсіздік тақырыптарында дәріс өткізді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі