«Целина» филиалында бірлескен жаттығу өткізілді

  2022 жылғы 16 маусымда «Резерв» РМК «Целина» филиалының аумағында өртке қарсы қызметтің жеке құрамымен, жұмысшылармен және қызметшілермен, ҚР ТЖМ Қостанай облысы ТЖД  «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ (Қостанай қаласы) бөлімшелерінің, филиалдың өрт-ерікті құралымдарының қатысуымен шартты жану ошақтарын оқшаулау, су беру және тауарлық-материалдық құндылықтарды құтқару бойынша бірлескен жаттығу өткізілді.

  Өткізілген жаттығу қорытындысы бойынша филиалдың МЕӨҚҚ және ӨЕҚ қызметтерінің дайындық жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.

  Екінші жартыжылдыққа АҚ құралымдарының өрт қауіпсіздігі, авариялық-құтқару жұмыстары және алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ эвакуациялық іс-шараларды жоспарлау, радиациялық жағдайды бағалау әдістемесі және т. б. бойынша жаттықтырулары жоспарланған.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі