«Резерв» РМК Бас директоры Қуаныш Бишімов 2022 жылғы 30 маусым мен 2 шілде аралығында еліміздің оңтүстік өңіріне жұмыс сапарымен барды. Сапар мақсаты – Шымкент қаласында ММР жаңа сақтау пунктін құру бойынша жобаны одан әрі іске асыру мәселелерін талқылау. 2022 жылғы 30 маусымда Қ.Е. Бишімов Шымкент қаласы әкімдігінің Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысымен және Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасарымен кездесті, одан кейін ол ММР базасы үшін бөлінген жер учаскесіне барып, жобаны әзірлеушімен өндірістік кеңеске қатысты.
2022 жылғы 1 шілдеде «Резерв» РМК филиалының өндірістік-шаруашылық қызметімен, негізгі қорлардың (қоймалар, резервуарлар және т.б.) ағымдағы жай-күйімен танысу үшін «Заря» филиалына барды.
«Заря» филиалында ағымдағы жылдың маусым айында жедел түрде автомобиль және арнайы техниканы, оның ішінде жалпы көлемі 800 ш.м. ірі габаритті техниканы сақтауға арналған құрастырмалы-жиналмалы ангар тұрғызылғанын айта кету керек.
Бұл ангар атмосфералық жауын-шашыннан және күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен, қажетті ылғалдылықтан, сондай-ақ физикалық тұрғыдан қорғаудың қажетті жағдайларын қамтамасыз етеді.
Осы сапар аясында филиал ұжымымен кездесу өткізіліп, филиалда жүргізіліп жатқан жұмысқа баға берілді. Толыққанды шаруашылық қызметі үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, күрделі және ағымдағы жөндеу мәселелері, әлеуметтік мәселелерді шешу, еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды. ҚР ТЖМ қолдауымен ағымдағы жылы жалақы мөлшері 20%-ға ұлғайтылғаны атап өтілді.
Сондай-ақ, Қ.Е. Бишімов ММР тауарларының сақталуын, өрт қауіпсіздігін, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз ету бойынша және күрделі жөндеуге бөлінген қаражатты уақтылы және тиімді игеру қажеттілігі міндеттерін қойды.
- Опубликовано: 01 Июль 2022
- Обновлено: 01 Июль 2022
- Создано: 01 Июль 2022
- Просмотров: 383