ҚР Төтенше жағдайлар министрі «Высота» филиалына барды

  Ағымдағы жылғы 28 шілдеде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді. ТЖМ ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне, оның ішінде «Резерв» РМК «Высота» филиалына барды.

  Филиалды аралау барысында оның қызметімен танысып, ұжыммен кездесу өткізді, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв тауарларының сапалы және сандық сақталуын қамтамасыз ету, филиал объектілерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды.

  «Высота» филиалының негізгі мақсаты – өнімдер мен өнеркәсіптік тауарларды сақтау. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: жылытылатын қойма үй-жайлары бар, тоңазытқыштың барлық қойма үй-жайларында және камераларында температуралық-ылғалдылық режимі сақталады.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі