18 тамызда Мәскеудегі ТМД Атқарушы комитетінде ТМД мемлекеттік материалдық резервтер органдары өкілдерінің қатысуымен «Ұзақ мерзімді сақтау технологияларын дамытудың перспективалық бағыттары» тақырыбында вебинар өтті.
Іс-шараны мемлекеттік материалдық резервтер жүйелерін ғылыми-техникалық дамыту, кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыру саласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы – Росрезерв сақтау проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (Ресрезерв СПҒЗИ) ұйымдастырды.
Вебинарға қатысушыларға арнаған сөзінде ТМД Атқарушы комитетінің Экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры М.Мыскин Росрезерв СПҒЗИ ғылыми және тәжірибелік қызметінің өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі маңыздылығын атап өтті.
Мемлекеттік резервтер жөніндегі федералды агенттік басшысының орынбасары А. Авдонин өз сөзінде Росрезерв ТМД елдерінің мемлекеттік материалдық резервтер органдарының ынтымақтастығын дамытуға ерекше назар аударатынын және жұмыс тәжірибесімен алмасу үшін байланыстар орнатуға ашық екенін атап өтті.
Росрезерв СПҒЗИ мамандары вебинарға қатысушыларды консервіленген өнімдерге арналған қаптаманың заманауи түрлері, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған тауарлар мен материалдарды сақтау шарттары, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтердің сақталуын қамтамасыз ету саласындағы мамандардың біліктілігін арттырудың перспективалық бағыттары туралы хабардар етті.
Вебинар жұмысына Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервтер органдарының және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.
- Опубликовано: 19 Август 2022
- Обновлено: 19 Август 2022
- Создано: 19 Август 2022
- Просмотров: 383