«Резерв» РМК-да үстел теннисінен жарыс өтті

  2022 жылғы 27 тамызда «Резерв» РМК спорт залында «Қазақстан Республикасының Конституция күніне» арналған үстел теннисінен жарыс өткізілді. «Резерв» РМК орталық аппаратының ерлер арасындағы ашық біріншілігіне «Резерв» РМК жұмыскерлері және ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің қызметкерлері қатысты. Жарыс 4 команда арасында өтті.

  Салтанатты ашылу рәсімі «Резерв» РМК Бас директорының м.а. Ришат Асансеитовтің қатысуымен өтті, спорттық іс-шараны аша отырып, ол барлық қатысушыларға қызықты ойын, жігер және жеңіс тіледі.

  Жарыс қорытындысы бойынша Р.М. Асансеитов ММРК қызметкері Данабек Тілегеновті 1 орын алғаны үшін, «Резерв» РМК қызметкері Қасым Қабылбаевты 2 орын алғаны үшін, сондай-ақ үшінші орынға ие болған «Резерв» РМК жұмыскерлері Азамат Жуаспаев пен Қайрат Сүлейменовке тиісті деңгейдегі Дипломдар берді.

  Сонымен қатар жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар берілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі