2022 жылғы 5 қыркүйекте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев жеке құрамға «Резерв» РМК жаңа бас директоры Ришат Мұханбетұлы Асансеитовті таныстырды, ол бұрын 2020 жылдан бастап ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» РМК Бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Тағайындау 2022 жылғы 1 қыркүйекте өткізілген бос лауазымға орналасуға арналған конкурс қорытындысы бойынша жүргізілді.
Ришат Асансеитов 1975 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келді, 1997 жылы «Электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, 2001 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А. Букетов атындағы ҚарГУ-ді, 2001 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Алматы Еуразиялық нарық институтын бітірді.
Еңбек жолын 1997 жылы Жезқазған университетінде ассистент болып бастап, Жезқазған қаласы әкімдігінде қаржы және тұрғын үй мәселелері жөніндегі маман болып жалғастырды; 2001-2004 жылдары «Қазақмыс корпорациясы» АҚ-да салықтар бойынша жетекші маман, Жезқазған қаласы кенішінің бухгалтерлік есеп бюросының бастығы; 2004-2018 жылдары «Қазақстан инжиниринг «Ұлттық компаниясының жүйесінде еңбек етіп, оның «Тыныс» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ сияқты ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылық лауазымдарында қызмет атқарды, 2018-2019 ж.ж. «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ атқарушы дирекциясының директоры болды.
2019-2020 ж.ж. «Резерв» РМК-ға келгенге дейін «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
2013 жылы «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ 10 жыл» төсбелгісімен және 2016 жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапатталған болатын.
- Опубликовано: 05 Сентябрь 2022
- Обновлено: 05 Сентябрь 2022
- Создано: 05 Сентябрь 2022
- Просмотров: 446