«Орбита» филиалының директоры тағайындалды

  2022 жылғы 8 қыркүйекте Исин Наурызбек Шұғайұлы «Орбита» филиалының директоры болып тағайындалды.

  Филиалдың жаңа директорын жеке құрамға «Резерв» РМК Бас директоры Ришат Мұханбетұлы Асансеитов таныстырды.

  Исин Н.Ш. 1974 жылы 20 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2000 жылы ҚР ІІМ Қостанай заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

  Құқық қорғау органдарында 1994 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істеді, қызмет жолын Солтүстік Қазақстан облысы ІІБ милиционер-кавалерист болып бастаған. Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

  Филиал директоры болып тағайындалғанға дейін еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетте болған.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі