Батыс Қазақстан облысында 12 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған «Бекет-2022» кешенді оқу-жаттығуы өтуде.
Аталған іс-шараға Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Ұлттық экономика, Денсаулық сақтау, Қаржы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, ҰҚК Шекара қызметінің және Ұлттық ұланның жедел топтары қатысты.
Кешенді оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейін, жергілікті атқарушы органдардың үйлесімділігін арттыруға, бірлескен міндеттерді орындау кезінде жеке құрамның дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
2022 жылғы 13 қыркүйекте осы оқу-жаттығу шеңберінде «Сигнал» филиалының аумағында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар шартты түрде басталған жағдайда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды жүзеге асыру бойынша жаттығу өткізілді.
Жаттығуда көрсетілген мақсаттарда пайдалану үшін қажетті тізбе мен көлемдерді қалыптастыру, оларды құжаттық ресімдеу бойынша іс-қимылдар, сондай-ақ темір жол көлігіне тиеудің іс жүзіндегі іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығу басшылығы «Резерв» РМК-ның өз бөлігін ұйымдастыру бойынша іс-қимылдарына оң баға берді.
- Опубликовано: 16 Сентябрь 2022
- Обновлено: 16 Сентябрь 2022
- Создано: 16 Сентябрь 2022
- Просмотров: 414