«Высота» филиалында бірлескен жаттығу өткізілді

  2022 жылғы 15 қыркүйекте «Высота» филиалының аумағында қызметкерлерді қауіпті аймақтан радиацияға қарсы панаға көшіру бойынша практикалық дағдыларды пысықтау бойынша Кәсіби-әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметімен бірлесіп оқу-жаттығу өткізілді.

  Тақырыбы – «Аммиак қоймасынан компрессорлық цехқа дейінгі учаскеде бас магистраль құбырының жарылуы кезінде аммиак шығарындысын жою».

  Жаттығуға филиалдың АҚ объектілік құрылымдары жұмылдырылды, ТЖ туралы хабарлау тәртібі, қауіпті аймақтан адамдарды эвакуациялау, өкпені жасанды желдету аппаратын пайдалану арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету, ТЖ жою бойынша іс-қимылдар пысықталды.

  Осыған ұқсас оқу-жаттығулар ағымдағы жылдың 28 маусымында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің өкілі К.К. Ысқақованы тарта отырып, филиал аумағында өткізілді.

  Филиалдың өртке қарсы қызметінің, төтенше жағдайды жою бойынша Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінің іс-қимылдарын және филиал қызметкерлерінің төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарын пысықтау үшін аварияға қарсы жаттығу және оқу дабылы өткізілді.

  Оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін «Высота» филиалының АҚ бастығы қорытынды жасады, филиал қызметкерлерінің аммиак шығарындыларымен ықтимал ТЖ жоюға дайындығына баға беріп, нәтижесінде қойылған мақсаттарға қол жеткізілгенін атап өтті.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі