«Целина» филиалының жұмыскерлері бұрын Батыс Қазақстан облысында басталып, Қостанай облысында 19-23 қыркүйек аралығында жалғасқан «Бекет-2022» кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысты.
Кешенді оқу-жаттығу ведомствоаралық өзара іс-қимыл деңгейін, жергілікті атқарушы органдардың үйлесімділігін арттыруға, бірлескен міндеттерді орындау кезінде жеке құрамның дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
2022 жылғы 22 қыркүйекте осы оқу-жаттығу шеңберінде «Целина» филиалының аумағында әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар шартты түрде басталған жағдайда мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды жүзеге асыру бойынша жаттығу өткізілді.
Жаттығуда көрсетілген мақсаттарда пайдалану үшін қажетті тізбе мен көлемдерді қалыптастыру, оларды құжаттық ресімдеу бойынша іс-қимылдар, сондай-ақ темір жол көлігіне тиеудің іс жүзіндегі іс-қимылдары пысықталды.
Оқу-жаттығу басшылығы «Резерв» РМК «Целина» филиалының мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығаруы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру іс-әрекеттеріне оң баға берді.
- Опубликовано: 23 Сентябрь 2022
- Обновлено: 23 Сентябрь 2022
- Создано: 23 Сентябрь 2022
- Просмотров: 383