«Резерв» РМК Бас директорының бірінші орынбасары тағайындалды

    2022 жылғы 5 қазанда «Резерв» РМК бас директоры Ришат Мұханбетұлы Асансеитов «Резерв» РМК бас директорының бірінші орынбасары Дәулет Талғатұлы Сұлтановты жеке құрамға таныстырды, ол бұрын 2021 жылдан бастап ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» РМК бас директорының орынбасары, аппарат басшысы лауазымдарын атқарған.

    Дәулет Сұлтанов 1982 жылы Семей қаласында дүниеге келген. 2003 жылы «құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін, 2005 жылы «есеп және аудит» мамандығы бойынша М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді.

    2003-2009 жылдары ҚР Солтүстік Қазақстан облысында Ішкі істер, қаржы полициясы органдарында, прокуратурада, қаржылық бақылау инспекциясында жұмыс істеді.

  2009-2015 жылдары көлік және автомобиль жолдары саласындағы ұйымдарда және басқа да ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқарды, ал 2015-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ведомствосының мемлекеттік қызметшісі болып жұмыс істеді.

   «Резерв» РМК-ға келгенге дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Заң департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі