ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткізілген жиын 1986 жылғы желтоқсан құрбандарын еске алуға арналды

  Тәуелсіздік күні қарсаңында 2022 жылғы 15 желтоқсанда «Резерв» РМК ғимаратында өткізілген жиын желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды. Аталған шараға мемлекеттік материалдық резервтер және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің мемлекеттік қызметшілері мен «Резерв» РМК жұмыскерлері қатысты.

  Тәуелсіздік алу жолының бастауы, желтоқсан салдарының қайғы-қасіреті, желтоқсанда құрбан болғандар туралы ақпарат қамтылған тақырыптық бейнеролик көрсетілді.

  ММРК және «Резерв» РМК басшылық құрамы «1991 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапқа тартылған адамдар ақталды және 17 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні, әрі желтоқсан құрбандарын еске алу күні болып белгіленгені барлығымызға мәлім»,- деп жиынды қорытындылай келе, ұжымды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барлығына шығармашылық табыс тіледі.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі