2022 жылғы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет майоры А.Ж. Мамыт, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттерінің, Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «РЕЗЕРВ» РМК қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын практикалық іске асыру. Парасаттылыққа тексеру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңес барысында А.Ж. Мамыт Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы айтып берді, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткізілген «Парасаттылықты тексеру» тестілерінің нәтижелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушылармен кірістер мен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау, белгісіз тұлғалардың қызметкерлердің жеке шоттарына ақша қаражатын аудару жағдайы, сондай-ақ қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін басшылардың дербес жауапкершілігіне қатысты мәселелер талқыланды.
Семинар қорытындысы бойынша:
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормалары мен қағидаттарын тұрақты негізде сақтауға;
- заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілік көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу және басқа да ұсыныстар берілді.
- Опубликовано: 21 Декабрь 2022
- Обновлено: 21 Декабрь 2022
- Создано: 21 Декабрь 2022
- Просмотров: 305