2022 жылғы 21 желтоқсанда «Комета» филиалының директоры болып Фархат Қыдырмолдаұлы Топбаев тағайындалды.
Филиалдың жаңа директорын жеке құрамға «Резерв» РМК Бас директоры Ришат Мұханбетұлы Асансеитов таныстырды.
Ф.Қ. Топбаев 1982 жылы 24 қарашада Өскемен қаласында дүниеге келген. 2003 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (қаржы), 2010 жылы Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін (құқықтану) бітірді.
Қызметтік міндеттерін 2003 жылы Өскемен қаласында «Валют-Транзит Банк» АҚ Банк маманы болып бастаған. 2010 жылдан бастап жеке-меншік секторда басшылық лауазымдарда еңбек етті: «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «Бипэк Лизинг» ЖШС, «Building Service» ЖШС.
- Опубликовано: 23 Декабрь 2022
- Обновлено: 23 Декабрь 2022
- Создано: 23 Декабрь 2022
- Просмотров: 332