2022 жылғы 23 желтоқсанда «Резерв» РМК Бас директоры Р.М.Асансеитовтің төрағалығымен 2022 жылғы қызмет қорытындылары және 2023 жылға арналған жоспарлар бойынша кәсіпорындардың кеңейтілген кеңесі өтті.
Кеңес жұмысына құрылымдық бөлімшелердің басшылары, «Резерв» РМК филиалдарының директорлары қатысты. Кеңейтілген кеңес барысында филиалдардың бюджет қаражатын игеру жөніндегі қызметі; мемлекеттік материалдық резерв және ТЖ материалдық құндылықтарын қабылдау/босату, ММР МҚ сақтау жағдайлары; негізгі емес қызметтен түсетін кірістер жөніндегі жоспарды орындау; күрделі және ағымдағы жөндеу, терроризмге қарсы қорғау және басқа да сұрақтар бойынша мәселелер қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша Р.М. Асансеитов тапсырмалар беріп, Кәсіпорынның, оның филиалдарының қызметін жетілдіру бойынша 2023 жылға арналған нақты бағыттарды белгіледі, оларды шешу еліміздің, ТЖМ мен ҚР ТЖМ ММРК-нің басшылығы қойған міндеттерге жедел ден қоюға және орындауға мүмкіндік береді.
Кеңес ҚР ТЖ министрлігінің ведомстволық наградаларын филиалдардың үздік қызметкерлеріне табыстаумен аяқталды, осылайша азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін: ТЖМ-нің «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен «Стрела» филиалының директоры Е.Б.Барысов және «Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «Балқаш» филиалының бас инженері-директордың орынбасары А.К. Мұхаметқалиев марапатталды.
- Опубликовано: 27 Декабрь 2022
- Обновлено: 27 Декабрь 2022
- Создано: 27 Декабрь 2022
- Просмотров: 335