Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде және «Резерв» РМК-да 2022 жылдың қорытындысы шығарылды

   2023 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пішембаевтың төрағалығымен Комитет пен «Резерв» РМК-нің мемлекеттік материалдық резерв саласында 2022 жылғы қызметінің қорытындыларын шығару жөнінде кеңес өткізілді. Кеңес «Резерв» РМК филиалдары директорларының қатысуымен БКБ режимінде өткізілді.

   Кеңесте Комитет төрағасы С.К. Сабырбаева және «Резерв» РМК Бас директоры Р.М. Асансеитов 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша сөз сөйледі. Сондай-ақ, күрделі жөндеу және республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеру мәселелері бойынша филиал директорлары: «Балқаш» – С.Т. Смайылов, «Высота» – А.Ы.Қадірсізов баяндама жасады.

   Кеңес барысында баяндамашылар мемматрезервтің материалдық құндылықтарын шығару, қайта өңдеу, «Резерв» РМК негізгі қорларын жаңғырту, жаңа сақтау базаларын салу, бюджет қаражатын игеру, мемматрезерв мәселелері бойынша норма шығармашылық жұмыс, мемматрезервтің материалдық құндылықтарын есепке алу мен сақтауды автоматтандыру және 2023 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады.

   Вице-министр республикалық бюджеттен қаржы қаражатын игеру қажеттілігіне ерекше назар аударды және құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдерін сапалы жоспарлау және өткізу бойынша жедел шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

   Кеңес қорытындысы бойынша М.Қ. Пішембаев 2023 жылға тапсырмалар беріп, ММР тауарларының сақталуын, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойды.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі