Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкіністерінен зардап шеккен Сирия Араб Республикасына 2023 жылғы 10 ақпанда мемлекеттік материалдық резервтен 50 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жіберілді.
Гуманитарлық көмекті жөнелтуге Төтенше жағдайлар вице-министрі М.Қ. Пішембаев және «Резерв» РМК бас директоры Р.М. Асансеитов қатысты.
Гуманитарлық жүктің құрамына консервілер, жылы киімдер, қысқы шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтары кірді.
Жүк Ислам ынтымақтастығы ұйымының желісі бойынша, азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы арқылы Алеппо қаласына жіберілді.
Гуманитарлық көмекті ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері тиеді.
- Опубликовано: 20 Февраль 2023
- Обновлено: 20 Февраль 2023
- Создано: 20 Февраль 2023
- Просмотров: 297