8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында 18 әйел- ардагер ТЖ министрлігінің ведомстволық наградаларымен және Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК басшылығының атынан сыйлықтармен марапатталды. Олардың барлығы кезінде мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты және қазір лайықты демалыста.
Комитет пен «Резерв» РМК ер азаматтары ұжымның әдемі жартысын мерекемен құттықтап, сыйлықтар мен гүлдер табыстады.
ТЖ министрі Юрий Ильин барлық әріптес әйелдерді былай деп құттықтады:
«Осы мереке күні өз тағдырларын азаматтық қорғау органдарындағы қызметпен байланыстырған, қиын жұмысты жақындарына қамқорлық жасаумен, балаларды тәрбиесімен және үй ошағын ұстаумен ұштастыра алатын барлық әйел әріптестерімізге ризашылық пен құрмет сөздерін білдіруге рұқсат етіңіздер.
Біздің қымбатты да аяулы ханымдар, Сіздерге шын жүректен бақыт, денсаулық, амандық және мерекелік көңіл-күй тілеймін! Өмірлеріңіз күннің шуағына, қуаныш пен махаббатқа толы болсын!»
- Опубликовано: 09 Март 2023
- Обновлено: 10 Март 2023
- Создано: 10 Март 2023
- Просмотров: 348