«Е-өтініш» платформасында жұмыс жүргізу жөнінде оқыту және әдістемелік көмек көрсетілді

   2023 жылғы 30 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК қызметкерлері үшін оқыту өткізді, оның барысында «Е-өтініш» өтініштерді қабылдау және өңдеу платформасында жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсынымдар берді.

   ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Антонина Геннадьевна Аканеева «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіндегі өтініштер бойынша жұмыстың негізгі қағидаттары, оларды орындау бойынша талаптар, жазалау шаралары туралы айтып, бірнеше мысал келтірді.

   ҚР ТЖМ Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Абдрахманова Гүлнар Әнуарқызы «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар құжаттармен жұмыс істеу бойынша кейбір жұмыс мәселелерін түсіндірді.

   Тренингке қатысушылар шақырылған қонақтардан өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды және оларға көрсеткен практикалық көмегі үшін алғыстарын білдірді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі