«Стрела» филиалы өрт-тактикалық жаттығуға қатысты

14.04.2023 жылы «Стрела» филиалы Жетісу облысы Қаратал ауданының орман шаруашылығымен бірлесіп шартты орман өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды дайындауға және өткізуге қатысты.

Филиалдың МЕӨҚ бөлімшесінің өрт техникасының 1 бірлігі (АЦ-2,5 автоцистернасы) шартты орман өрті орнына шығып, оны шартты сөндіруге қатысты.

Филиалдың жауынгерлері шартты өртті өрістетіп, оны сөндірді. Оқу-жаттығуға: 55078 Ә/Б, 8-ӨСБ, «Резерв» РМК «Стрела» филиалы, Қаратал ауданы ауылдық округтерінің ЖЗҚ, орман шаруашылығы, ӨКМ қатысты.

Жүргізілген өрт-тактикалық оқу-жаттығу қорытындысы бойынша «Жетісу облысы ТЖД ӨСжәнеАҚЖ» РММ Қаратал ауданы Үштөбе қаласының 8-ӨСБ бастығының м.а. азаматтық қорғау майоры М. Смағұлов барлық қатысушыларға жедел атқарылған жұмыс үшін Алғыс жариялады.

 

Г.Ф. Тумарбаев

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі