Сенбілік – жақсы дәстүр

Көктем келіп, сенбілік уақыты басталды!
Алыс кеңестік заманда басталған жақсы дәстүр қазіргі кезде де өзекті болып қала берді.
«Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында 2023 жылғы 29 сәуірде ҚР ТЖМ «Резерв» РМК, Мемлекеттік материалдық резервтер және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің жұмыскерлері Кәсіпорынның аумағын тазарту бойынша сенбілік өткізді.
Сенбілікке қатысушылар тротуар мен ағаштардың жиектерін ақтап, шөп егіп, былтырғы қоқыстарды шығарып, ағаштарды кесіп, «Резерв» РМК іргелес аумағын жалпы тазартты.
Мұндай экологиялық акциялар өз қаламызды көркейтуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пайдалы іске қатысуды сезінуге мүмкіндік береді. Көктемнің шуақты күндерінде біздің қаламыздың көптеген тұрғындары көпжылдық дәстүр бойынша көшелерді, аулаларды, гүлзарларды, саябақтарды, қала тұрғындарының танымал демалыс орындарын ретке келтіреді, сол сияқты азаматтық қорғау жүйесінің ұжымдары да өз үлестерін қосты.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі