Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілімен кездесу өткізілді

Қазақстан халқының бірлігі күні құрметіне 2023 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілімен кездесу өтті.
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Д.Т. Сұлтанов қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, «Жастар Ассамблеясы» өңірлік қоғамдық ұйымының төрағасы – Тимур Ғабдолұлы Жұмырбаевқа сөз берді, ол Ассамблеяның қызметі, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісімнің маңыздылығы туралы айтты.
Аталған іс-шараға ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ «Резерв» РМК жұмыскерлері қатысты.
Іс-шараға қатысушылар шақырылған қонақтан өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алып, алғыстарын білдірді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі