Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

2023 жылғы 5 мамырда Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» РМК-ның «арулары» ер адамдарды «Резерв» РМК ғимаратының кіреберісінде сыйлықтармен және мерекелік көңіл-күймен қарсы алды.

Салтанатты іс-шара мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы Салтанат Сабырбаеваның құттықтау сөзімен басталды, сондай-ақ барлық қатысушыларды мерекелерімен «Резерв» РМК Бас директоры Ришат Асансеитов құттықтады.

Мереке құрметіне Комитет пен «Резерв» РМК-нің 8 қызметкері ҚР Төтенше жағдайлар министрінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

Сондай-ақ, «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» ҚБ азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерін қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелегені үшін азаматтық қорғау жүйесінің ардагері – Манас Магуловты грамотамен марапаттады.

Марапаттау рәсімінен кейін патриоттық нөмірлері бар концерттік бағдарлама өтті. Іс-шара соңында естелік суретке түсіру жүргізілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі