«Астана күніне» арналған теннистен турнир өткізілді

Резерв» РМК орталық аппаратының «Астана күніне» арналған үстел теннисі бойынша ашық біріншілігі өткізілді, оған ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеттерінің, «Резерв» РМК жұмыскерлері қатысты.

Салтанатты рәсімді «Резерв» РМК Бас директорының орынбасары М.Ж. Түменбаев_құттықтау сөзімен ашып, барлық қатысушыларға қызықты ойын, сәттілік және жеңіске деген жігерлік тіледі.

Жарыс әр ұпай үшін тартыс пен табанды күресте өтті. Осы қызықты ойынның нәтижесінде ҚР ТЖМ ММРК өкілі Данабек Тілегенов жеңіске жетті, ол финалда «Резерв» РМК командасының қарсыласы Қасым Қабылбаевты жеңді. Үшінші орынды «Резерв» РМК өкілдері Жанмұхамбетов Бақтияр мен Бойко Александр иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлер тиісті дәрежедегі грамотамен марапатталып, ақшалай сыйақы алды.

 

Сондай-ақ, жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдері қатысатын волейболдан жарысты ағымдағы жылдың 10 шілдесінде өткізу жоспарланған.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі