«Высота» филиалында төтенше жағдайды жою бойынша жаттығу өткізілді

2023 жылғы 18 шілдеде ҚР ТЖМ ММРК Резерв РМК «Высота» филиалында тоңазытқыштың сақтау камерасындағы төтенше жағдайды жою (құбырдың шартты зақымдануы және аммиактың ағуы) және осыған байланысты қауіпті аймақтағы адамдарды эвакуациялау бойынша өртке қарсы қызметтің іс-қимылдары бойынша жаттығу өткізілді.
Аталған төтенше жағдайға ден қою шеңберінде филиал персоналы хабардар етілді, барлық қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа ӘТК ғимаратының қорғаныш құрылысына эвакуациялау жарияланды.
Компрессорлық цехтың кезекші ауысымымен жеке қорғаныс құралдарында аварияны жою жөнінде шаралар қабылданды. «Зардап шеккендерге» механикалық желдету аппаратын қолдана отырып алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
15 минут ішінде ӨҚҚ жауынгерлік есептеу күштерімен және компрессорлық цехтың кезекші ауысымымен негізгі магистраль құбырынан аммиактың шығу ошағы оқшауланды.
«Высота» филиалының директоры А.Ы. Қадірсізов өткізілген оқу жаттығудың қорытындысын шығарған кезде жұмыскерлердің ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығына оң бағасын берді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі