2023 жылғы 20 шілдеде «Резерв» РМК Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы Ақпараттық технологиялар басқармасымен бірлесіп БКС режимінде филиалдардың жұмыскерлерімен құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық сабақ өткізді.
Сабақ барысында филиал жұмыскерлерінің «Документолог» ЭЖ-мен жұмыс жасау кезінде жиі жіберетін қателіктері және оларды жою жолдары қашықтан көрсетіліп, барлық оларды қызықтырған, соның ішінде техникалық жағынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Мемлекеттік тілдегі құжаттардың сапасы мен саны, электрондық құжаттардың жобаларын ресімдеудің дұрыстығы жеке атап өтілді және осы бағытта жүргізілген жұмыстардың мысалдары мен талдаулары қысқаша атап өтілді.
- Опубликовано: 21 Июль 2023
- Обновлено: 21 Июль 2023
- Создано: 21 Июль 2023
- Просмотров: 263