АҚ және ТЖ бойынша оқу жаттығулар өткізілді

2023 жылғы 24 шілдеде «Резерв» РМК Жұмылдыру жұмысы, АҚ және ТЖ бөлімі Жедел басқару орталығымен бірлесіп «Бүркіт» және «Орбита» филиалдарында оқу-жаттығулар өткізді, оған құлақтандыру және байланыс жүйесінің тиімділігін, жұмыскерлерді жұмыстан тыс уақытта жинаудың уақтылығы мен жеделдігін, «Радиациялық қауіп» және «Өрт қаупі» сигналдарын алған кезде жұмыскерлердің практикалық іс-қимылдарын тексеру кірді.
Өткізілген оқу-жаттығулардың нәтижелері аталған филиалдардың жалпы азаматтық қорғаныс жағдайында және түрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде ден қою жөніндегі міндеттерді шешуге қабілетті екендігін көрсетті.
Сонымен қатар, «Резерв» РМК Орталық аппараты филиалдардың іс-әрекеттерінде жекелеген шығындардың болуын, ТЖ оқшаулау мәселелерінде жұмыскерлердің іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру қажеттілігін көрсетті.
Бұдан бұрын, 2023 жылғы 14 шілдеде Жұмылдыру жұмысы, АҚ және ТЖ бөлімі «Резерв» РМК Орталық аппараты жұмыскерлерінің ғимаратқа және іргелес жерге радиациялық ластанудың шартты қаупі туындаған кездегі іс-қимылдарын пысықтау бойынша практикалық сабақ өткізген болатын.
Сабақ қорытындысы бойынша Кәсіпорынның құлақтандыру және байланыс жүйесі техникалық жарамды күйде, ал ЖБО-ның кезекші қызметі жұмыскерлерді шартты қауіп туралы хабардар ету бойынша іс-қимылдарды уақтылы және дұрыс орындады деген қорытындылар жасалды.
Кәсіпорын жұмыскерлерімен жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс құралымдары шеңберіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі