ТМД елдері органдарының басшыларының Консультативтік кеңесінің XIX отырысы өтті

2023 жылғы 10-11 тамызда Астана қаласында ТМД-ға қатысушы Мемлекеттерде мемлекеттік материалдық резервтерді басқаруды жүзеге асыратын органдар басшыларының консультативтік кеңесінің XIX отырысы өтті.

Отырысқа Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік резервтерінің өкілдері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің өкілі қатысты.

Отырыста Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі М. К. Пішембаев құттықтау сөз сөйледі.

Қатысушылар отырыс барысында мемлекеттік материалдық резервтер органдары ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығының қазіргі заманғы үрдістері туралы, астық импортының тиімділігін арттыру туралы, Мемлекеттік материалдық резервте ұзақ уақыт сақтау кезінде мұнай өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі туралы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс туралы сұрақтарды қарастырды.

Сондай – ақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Консультативтік кеңесі мен базалық Ұйымының Мемлекеттік материалдық резервтер жүйесін ғылыми-техникалық дамыту, 2022-2023 жылдары кадрларды қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру саласындағы жұмысының қорытындылары шығарылды.

Мұндай іс-шараларды өткізу ТМД-дағы интеграциялық процестерді нығайтуға, оның ішінде мемлекеттік материалдық резервтердің материалдық құндылықтарын қалыптастыру, сақтау және шығару, олардың сапалы және сандық сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасты, сондай-ақ келесі жылға арналған бірқатар мақсаттар мен міндеттерді анықтады.

Айта кету керек, Консультативтік кеңестің кезекті ХХ отырысы 2024 жылы Қырғыз Республикасының төрағалығымен өтеді.

© 2023
 

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі