Жыл сайын дүние жүзінде, оның ішінде Қазақстанда 1 қазан Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Әрбір азаматтың лайықты қартаюын қамтамасыз ету – Үкіметтің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі.
Қарттар күні – ең шырайлы және шынайы жақсы мерекелердің бірі. Бұл бізге аға буын өкілдеріне терең ризашылық білдіру үшін тағы бір мүмкіндік береді.
Комитет пен «Резерв» РМК басшылығы біздің ардагерлерімізді назардан тыс қалдырмады. Сонымен, 2023 жылғы 5 қазанда кадр қызметінің жұмыскерлері мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің ардагерлері мен зейнеткерлеріне барды және мерекемен құттықтап, тәжірибесі мен еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің барлық 24 ардагеріне сыйлықтар табысталды.
- Опубликовано: 12 Октябрь 2023
- Обновлено: 12 Октябрь 2023
- Создано: 12 Октябрь 2023
- Просмотров: 248